Мәңгілік қазақ елі

 
 
2015 жылдың 30 наурыз - 06 сәуір күндері аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орыс тілі кафедрасының оқытушылары «Мәңгілік қазақ елі» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өткізді.
 
 
Тәлімгерлік сағаттардың мақсаты - Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы мағлумат беру. Студенттерге Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
 
 
Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.
 
 
 
17.04.2015, 03:59
493 қаралым