«Мұқағали оқулары» байқауы

Мақатаев әлемі – Планета, Жер, Адам болмысы, Тыныштық, Сенім ахлағы. Алаштың ақиық ақыны, қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев – биыл 84 жасқа толып отыр.

Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

2015 жылдың 24 ақпан күні академия кітапханасында кітапханалық-ақпарттық орталығы, тәрбие ісі бөлімі және «ОҚМФА студенттер Альянсы» ұйымының белсенділерінің ұйымдастыруымен, студент жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау, М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында М.Мақатевтың 84 жылдығына арналған «Мұқағали оқулары» байқауы өткізілді.

 

03.03.2015, 02:36
622 қаралым