Лудоманияның алдын алу жұмыстары
2024 жылдың 26 қараша күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы Мырзазия Ақбаян Әлішқызының ұйымдастырумен «Лудоманияның алдын алу» тақырыбында мамандармен кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты- жастарға тәрбие беру мен құқықбұзушылықтың алдын алу .
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, тәрбие жұмыстарына жауапты маман Ибраимова Ақмарал Жамаловна және аға оқытушы әрі заңгер маман Маликов Мұхтар Маратович пен «Заң клубы» үйірме мүшелерімен ұйымдастырылған жоспар арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы ақпараттар айтылды.
"Лудомания - құмар ойындарының зияны" тақырыбында презентация көрсетілді. Құмар ойынына тәуелділік және оның даму кезеңдері, сондай-ақ тәуелділік қай сәттен бастап пайда болады , құмар ойындарға тәуелді адам қандай белгілерді көрсететіні талқыланды.
Кездесу соңында студенттер ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне қандай қорытынды жасағандарын айтып, осы тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.
![](/img/view.png)