"Лудомания және стресс" тақырыбында ұйымдастырылды.
2025 жылдың 16 сәуір күні Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен 8А, 8В, 12А, 12В топтарының шетелдік студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу дебат форматында "Лудомания және стресс" тақырыбында ұйымдастырылды. Шараны шетелдік студенттердің психологы Опышева Акерке (Кира) мен Психологиялық қызметтің жетекшісі Б.К. Калмагамбетова өткізді.
Кездесу барысында студенттер стресспен жұмыс істеу, лудомания себептері мен салдары сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Ой-пікір алмасу ашық әрі еркін өтті.
Алдағы уақытта осы тақырыпты тереңдетіп, тағы да осындай форматтағы кездесулер өткізу жоспарлануда.
16.04.2025,
12:52
