Ұлттық студенттік лига-2030 турнир ашылуы
2015 жылдың 20 мамыр күні «Биік» спорт кешенінде кіші футболдан «Студенттік лига» турнирі өтті. Жарысты салтанатты түрде білім министрі А.Сәрінжіпов пен облыс әкімі А.Мырзахметов ашып, жарысқа қатысушыларға табыс пен жеңіс тіледі.
Жарыстың алғашқы ойынын бірінші болып, ОҚМУ-дың (Сұңқар командасы) мен ОҚМФА-ның (Қыран командасы) ойнады. ОҚМФА-ның (Қыран командасының) ойынына ректор Б.Д.Сексенбаев, проректорлар мен декандар жанкүйер болды. Алғашқы ойын біздің команданың пайдасына болған жоқ, бірақ турнир енді ғана басталғандықтан, біздің футболшыларға табыс тілейміз.
24.05.2015,
23:22
618 қаралым