«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы
2015 жылдың 18 қыркүйек күні академияның үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімі, факультет декандары және «Болашақ» академиялық жастар орталығының белсенділерінің ұйымдастыруымен 2015-2016 оқу жылына арналған академиядағы тәрбие жұмысының үлгілік кешенді жоспарына сәйкес, ОҚО Білім, Жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Асилов Сейтжанның қатысуымен студенттер арасында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіру мен насихаттау мақсатында ауқымды жиналысы өткізілді.
Студент жастар ортаға салынып отырған тақырыпқа қызығушылығын көрсетіп, өздерін мазалайтын мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, жиын талқылаумен өтті.
01.10.2015,
22:45
567 қаралым