Әлеуметтік жұмыс теориясының таным жолдары
2015 жылдың 12-24 қазан аралығында ОҚМФА базасында "International Medical Exchange" (IME,Texas,USA) америкалық бейкоммерциялық корпорацияның ұйымдастыруымен амбулаториялық қызмет атқаратын әлеуметтік жұмыскерлерге арналған «Балалар мен отбасыларымен әлеуметтік жұмыс істеудің негіздері» атты семинар өткізілген. Жаттықтырушы: Бет Турнок, әлеуметтік қызметкер, АҚШ.
Семинар жұмысында денсаулық сақтаудың әлеуметтік қызметкерлері, Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысының психологтары, ОҚМФА оқытушылары қатысқан.
Қатысушылар шолу және балалар мен отбасыларымен әлеуметтік жұмыстың білім базасын алды. Әлеуметтік қызметкер ретінде тиімді жұмыс жүргізу үшін қажетті практикалық әдістері мен дағдыларымен танысты.
29.10.2015,
03:38
574 қаралым