«Латын графикасына көшудегі негізгі мәселелер» атты семинар
30.05.2019ж. қазақ және латын тілдері курсының ұйымдастыруымен «Latyn grafıkasyna kóshýdegi negizgi máseleler» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды аға оқытушы А.Н. Қасымбекова ашып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру қажеттілігін атап өтті.
Аға оқытушылар Д.Ж.Кемелхан «Қазақ жазуын латын графикасына көшіру – ұлт болашағы» тақырыбында баяндама оқыды, Ғ.Д.Оразымбетова «Жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы» тақырыбында негізгі мәселелерге тоқталып, латын графикасы бойынша сабақ өткізді. Жаттығулар жасатып, тыңдаушыларға кейбір мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік берілді. Семинар қызу пікірталасқа ұласты.
Семинарға факультет деканы Қ.Н.Дәуренбеков және орынбасары М.М.Сапақбай, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім беру комитеті (ББК) төрайымы Б.О.Торланова, басқа мамандықтардың ББК мүшелері, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі Л.Б.Ибраева, шет тілдері және орыс тілі пәндерінің мамандары қатысты. Семинарға белсене қатысқан қызметкерлерге сертификаттар табысталды.