«Күз кереметі»

2022 жылдың 16-17 қараша күндері білім алушылардың мәдени шығарамшылығын дамыта отырып, қолдау көрсету мақсатында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының топ тәлімгерлері білім алушылыр арасында «Күз кереметі» тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырды. Екі күнге жалғасқан іс-шара 4 кезеңнен қамтылды. Бірінші күні «Қиялдар әлемі» көрмесі, «Айналаңа қара, өз жеріңді таны» видеоролик конкурсы бойынша барлық топ білім алушылары әр түрлі көкөніс пен жемістерден бұйымдар жасап, «Күз» тақырыбын бейнелеген суреттер галереясын ұсынды. Ауыл өмірі мен қала өмірінің келбетін керемет видеороликтер арқылы көрсетті. Іс-шараның екінші күні «Күз» тақырыбы бойынша «Мәнерлеп оқу» сайысында білім алушылардың өлең оқу деңгейлері байқалды. «Күз кереметі» тақырыбы аясындағы іс-шараның ең шешуші кезеңі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару жарысына жалғасты. Байқау шарттары бойынша өнерлі жұптар «Таныстыру», «Сән үлгісі», «Сұрақ-жауап», «Өнерің өрге жүзсін», «Мерекелік дастархан мәзірі» номинациялар бойынша сынға түсті. Әділ – қазылар алқасы құрамында Г.О. Мамбеталиева, Г.Б. Абдешова, Ш.А. Мамбетовалар әділ бағаларын беріп отырды. «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымы» байқауының бас жүлдегерлері С-МІҚ-9-03-22 тобының білім алушыларының қанжығасына байланды. Іс-шараның 4 кезеңі бойынша барлық топтар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. «Күз кереметі» тақырыбы аясындағы іс-шара жоғары денгейде өтті, барлық қатысушылар жақсы әсерде қалды.

21.11.2022, 15:57
356 қаралым