"Көшбасшылар алаңы" маусымашар пікірсайыс турнирі

2023 жылдың 19-қарашасында Шымкент интеллектуалды пікірсайыс ассосациясының ұйымдастыруымен "Көшбасшылар алаңы" маусымашар пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қаламыздың пікірсайыс клубтарының спикерлері қатысып бақ сынады. Турнир нәтижесі бойынша ОҚМА АҚ жанындағы "Болашақ" академия жастар орталығының "Зиялы Қазақ" интеллектуалды пікірсайыс клубының төрайымы Егізбай Адас Мақсатқызы Линкольн-Дуглас форматы бойынша 1/2 финал кезеңіне, Американдық парламенттік формат бойынша 1/4 финал кезеңіне дейін шығып "үздік талпыныс" номинациясына ие болды. Жүнісәлі Бектөре Тургуналиұлы Линкольн-Дуглас форматы бойынша 1/4 финал кезеңіне дейін шықты. Және академиямыздың студенттік ректоры Чапай Нұршат Қазыбекұлы турнирде "Ең үздік төреші" номинациясы иегері атанды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

21.11.2023, 17:33
234 қаралым