КОНАШ НЫШАНБАЙ ЕРМЕКҰЛЫ ОҚМА «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ» БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

2022 жылдың 16 мамыр күні ОҚМА ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы «Үздік жас ғалым» номинациясының иегері М142 «Фармация» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағытындағы 2-ші оқу жылының магистранты Конаш Нышанбай Ермекұлын қабылдады.

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың қолдауымен «Үздік жастар премиясы–2022» байқауына қатысып, топ жарып «Үздік жас ғалым» номинациясын иеленген магистрант Конаш Нышанбай өте алғыр, білімді, ғылым саласында шындалып келе жатқан жас талап.
Ректор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы және Ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы магистрантқа ғылыми қызметте одан әрі шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілеп, жеңісімен құттықтай отыра арнайы дипломмен марапаттады.

18.05.2022, 11:08
382 қаралым