Халықаралық кредиттік ұтқырлық

Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Гданьск медициналық университеті (Польша) арасында институтаралық келісімге  қол қою аясында 2018ж. 4 маусымынан бастап фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К.Ордабаева мен кафедраның аға оқытушысы Е.К.Орынбасаров халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасын (Эразмус+ бағдарламасы) польшалық серіктес-жоғары оқу орнының фармацевтика факультетінде жүзеге асыруды бастады.

Бағдарламада польша студенттеріне лекция оқу және зертханалық сабақтар жүргізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды талқылау қарастырылған.

1168 1

1168 2

05.06.2018, 06:51
383 қаралым