ХАБАРЛАНДЫРУ

Академия және колледж студенттерінің назарына!

 Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары (АҚШ) елшілігі ұйымдастырып отырған  «Kazakhstan Spelling Bee-2018» байқауына  іріктеу жүргізілуде. Іс-шараға 18-25 жас аралығында,  ағылшын тілін  жетік меңгерген, ҚР азаматтығы бар колледж және академия студенттері қатыса алады.

Өткізілетін мерзім : 21.01.2018 жылы, сағат: 15:00

Мекен-жайы: Қазыбек би көшесі, 13а. (Ескі мұражай, қазіргі Пушкин кітапханасы, 2 қабат)

Іріктеу кезеңнің бірінші мәресінен Шымкент қаласында жеңіске жеткен 3 студент Республикалық байқауға жіберіледі, 2-ші кезең – Республикалық сайыстың жеңімпаз студенттері Орта Азиялық байқауға, одан іріктелген студенттер АҚШ-қа жолдама алады. Шымкент қаласында өтілетін байқауда  ақшалай сыйақы қарастырылған.

 1221

Толығырақ мәліметті инстаграм парақшасынан көре аласыздар: American_corner_shymkent  

27.12.2017, 05:27
263 қаралым