«КЕШЕГІ КҮН ТАРИХ, ЕРТЕҢГІ КҮН ЖҰМБАҚ, БҮГІНГІ КҮН – СЫЙЛЫҚ!»
“ЖТД-2” кафедрасының 12-23 топ интерн-дәрігері Келсін Жанәсіл Жанқынбекұлы 15.03.2025ж. Астана қаласында өткен Халықаралық студенттік конкурсқа студенттік белсенді өмірбаяны мен ғылыми жетістіктерін жариялады. Конкурс нәтижесінде Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін "Bilim-orkenieti" Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен "Жаңа Қазақстан" Республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған "Орталық Азияның ең үздік студенті" Халықаралық конкурсының жеңімпазы атанып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, жедел жәрдем станциясында бірнеше жылдан бері жұмыс атқарады, 19.03.2025ж. “Денсаулық сақтау ісінің үздік қызметкері-2025” Республикалық байқауына қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылып,“Үздік жас медицина қызметкері” номинациясымен, төсбелгімен марапатталды.
“ОҚМА” Ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы, Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы интерн-дәрігер Жанәсіл Жанқынбекұлын марапаттарымен құттықтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарда жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі.
Ғылыми жетекшілері: “ЖТД-2” кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Гульжан Нұрбекқызы; медицина магистрі Отумбаева Еңлік Тойлыбекқызы.
