Кёнбук университетімен кездесу

14 қыркүйек күні «ОҚМА» АҚ- на Оңтүстік Корея Республикасының Кёнбук ұлттық университетінің Чхильгок ауруханасының халықаралық медициналық орталығының директоры, реабилитолог – дәрігер, профессор Tae-du Jung , реабилитолог – дәрігер Seong-Hun Kim және Кёнбук ұлттық университетінің Чхильгок ауруханасының халықаралық медициналық бизнес-орталығының менеджері, ТМД елдері бойынша маманы Son Hyeryeong келді. Профессорлар ректор Мырзабек Мырзашұлы Рысбековпен кездесті. Кездесу барысында таныстыру жұмыстары және екі елдің арасында өзара оңалту жөніндегі тәжірибе алмасу туралы келіссөздер жүргізілді. Оқу орнымыздың оқу процессіне қызығушылық танытып, екі жоғары оқу орны («KNUH» және «ОҚМА» АҚ) арасында меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.

18.09.2023, 15:14
307 қаралым