«Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық жәрмеңкесі іс-шараның мәліметі
2024 жылдың 11 сәуір күні Шет тілдері кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – кафедраға бекітілген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек студенттерге қаржылай көмек көрсету.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1 курс студенттері мен шет тілдері кафедрасының ұжымы жәрмеңкеге белсене қатысып, өздерінің қамқорлығын көрсетті.
Шет тілдері кафедрасының ұжымы қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржыны С-ЕІҚ-9-02-21 тобының студенті мен В-ФӨТҚБ-07-23 тобының студентіне дүйсенбі күні табыстауды жоспарлауда.
15.04.2024,
13:02
209 қаралым