Келе жатқан жаңа 2023 жыл әр үйде

Академия әкімшілігі мен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы жаңа жыл қарсаңында әр үйде жылылық пен жайлылық болуы үшін отбасылық білім алушыларға жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастырды.
Отандық кондитер фабрикаларының арнайы түрлі-түсті қораптарына оралған тәттілер фармация, медицина факультеттеріне, медициналық колледж және жастар бөлімі деканаттарына таратылды.

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы баршаңызды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтайды! Білім алушы жастарға, академия басшылығына және ұжымына зор денсаулық, шығармашылық табыс, ашық аспан және жылулық пен мейірімділік тілейміз! ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

26.12.2022, 15:56
600 қаралым