Кедергісіз қозғалыс
17 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Кедергісіз қозғалыс ARMAN ALEMI» заңды тұлғалар бірлестігі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап өткізген инклюзивті марафонда «ОҚМА» АҚ қатысушы балаларға қолдау көрсетті. Академияның Клиникалық кафедраларының қызметкерлері тарапынан балаларға дәрігерлік кеңес жүргізілді және сыйлықтар берілді.
Сонымен катар, 19 қыркүйек күні аталмыш бірлестік басшылығы, «ОҚМА» АҚ ректоры, профессор Мырзабек Мырзашұлы Рысбековпен кездесу жүргізді. Кездесу барысында «Кедергісіз қозғалыс ARMAN ALEMI» заңды тұлғалар бірлестігімен ерекше балаларға қатысты мәселелер талқыланып, ортақ жоспар жүргізу келісілді.
21.09.2023,
15:10
454 қаралым