«Көктем аруы – 2021» қалалық сұлулық байқауы

2021 жылдың 4 наурыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көктем аруы - 2021» қалалық сұлулық байқауы өткізілді. Шымкент қаласының оқу орындарынан 20 ару іріктеу кезеңінен өтіп, 4 кезең бойынша бақ сынасты.

1651 1

Аталған байқауға «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 1 курс студенті, «Айкөркем» қыздар кеңесінің төрайымы Әліайдар Аружан қатысып, оқу орнымыздың намысын жоғары деңгейде қорғады. Сұлулық байқауында Аружан барлық деңгейден сүрінбей өтіп, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарының атынан алғыс хатпен марапаталды.

Аружанға алар асуың көп болсын және биіктен көріне бер дегіміз келеді!

05.03.2021, 00:31
438 қаралым