Ішкі ағзалар ауруларын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері айтылды

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ішкі аурулар кафедрасы Шымкент қаласында «Ішкі ағзалар ауруларын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияда медицина ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Фтизиопульмонология және радиология кафедрасының меңгерушісі Ләззат Қасаева "ТУБЕРКУЛЕЗДІ БАҚЫЛАУДАҒЫ ЖТД РӨЛІ" тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада туберкулездің алдын алудағы жалпы практика дәрігерінің функциялары, туберкулездің белсенді скринингі және туберкулезге күдік болған жағдайда диагностикалық алгоритм, амбулаториялық емдеу және диспансерлік бақылау көрсетілген қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар көрсетілді.
Конференция барысында Ләззат Тәтібекқызына Алғыс хат пен сертификат тапсырылды.

07.04.2025, 17:18
120 қаралым