«IQ Games» интелектуалды сайыс

2018 жылдың 24 сәуірінде «ОҚМА» АҚ-да «Гигиена және эпидемиология» және «Морфологиялық пәндер» кафедра қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «IQ Games» атты интеллектуалды сайысы өтті. 

Интеллектуалды сайысқа 8 команда («Черная жемчужина», «DMS», «Экстремалы», «Живчики»,  «Эндорфин», «The Royals», «Gifted» және бурынғы студенттік профсоз комитеті атынан «Vivat»командасы және ОҚМА АҚ-ның интерндері қатысты. 

Интеллектуалды ойын «Морфологиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, IQ Қазақстан Жоғары Лигасының өкілінің, Интеллектуалдық сайыс бойынша Еуразия және Азия Кубогының жеңімпазымен және Н.Ә. Назарбаевтың «Интеллектуалдық Олимпиадалар» білім беру қорының телевизиялық жобасы Б.Х. Юсупов басшылығымен өткізілді.

Жартылай финалдағы негізгі күрес 5 команда арасында болды: «Черная жемчужина», «DMS», «Живчики»,  «The Royals», «Vivat». 

Сонымен, 5 кезең қорытындысы бойынша жеңісті «Черная жемчужина», 2-ші орынды «Живчики», 3-ші орынды «Vivat» командасы, «Үздік топ басшы» номинациясын «Живчики» командасының  топ басшысы «Жалпы медицина» мамандығының 2-ші курс студенті Тасболат Бақыт женіп алды.

1133 1

Интеллектуалдық олимпиаданың жеңімпаздары, қатысушылары мен қонақтары құрмет грамоталарымен және местелік сыйлықтармен марапатталды.

«IQ Games» интеллектуалдық ойының жабылуы мен құттықтау рәсімде м.ғ.к., профессор м.а., медициналық факультеттің деканы Б.З. Долтаева және «Морфологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., профессор м.а. Б.Д.Танабаев сөз сөйлеп, қатысушылар қуттықтап, бұндай іс шаралардың жастар арасында маңыздылығын айтып, бұл іс шараның ойлау қабілетін, критикалық, логикалық ойлауды дамытуда өте пайдалы екенін айтып өтті.

26.04.2018, 22:50
399 қаралым