«Инновациялық фармакология» дөңгелек үстел
2018 жылдың 11 сәуірінде «ОҚМА» АҚ-ның фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында, фармакогнозия және химия, физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедраларының қатысуымен ғылым күніне арналған «Инновациялық фармакология» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты қатысушыларды клиникаға дейінгі зерттеудің заманауи аспектілерімен, фармакоэпидемиологиялық, фармакоэкономикалық фармакогенетикалық зерттеулермен және де полипрагмазиямен күресу жолдарымен таныстыру болды. Профессорлық- оқытушылық құрамы, магистрантар мен студенттер баяндама жасады.
Дөңгелек үстел нәтижелерін талқылау кезінде осындай шараларды жиі өткізу туралы шешім қабылданды. Мұндай ғылыми шаралар қатысушаларға заманауи ғылыми тенденциялардан хабардар болуға мүмкіндік береді және студенттерді зерттеу жұмыстарына қызықтарады.