Индустрияландыру үшін кадрлар дайындаудың басым бағыттары

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмасымен, Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформасын  қолдауды жүзеге асыру мақсатында  ОҚО бойынша «Даму» фармация және медицина ұйымдары Қауымдастығы және де «Тин» ЖШС, «Эко-фарм» ЖШС,  «Планта» ЖШС компаниялары өкілдері, академияның профессор оқытушылар құрамы қатысуымен «Индустрияландыру үшін кадрлар дайындаудың басым бағыттары» тақырыбында   дөңгелек үстел  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының кіші мәжіліс залында өткізілді.

576 1 1

Дөңгелек үстелде  академияның жұмыс берушілерімен  индустрияландыру үшін маман даярлауда тығыз қарым-қатынастың қажеттілігі айқындалып, білім бағдарламаларын бірігіп жасау мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел қатысушылары Оңтүстік және Қазақстан өңіріндегі еңбек нарығындағы ерекшеліктерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын біліктіліктердің салалық шеңберімен және кәсіби стандарттарымен үйлестіруі бойынша жұмыс бастауды ұсынады.

Жұмыс берушілерге Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясымен  ынтымақтастықты мақсатқа сай жетілдіруі мына шеңберде дамыту қажет:

·         оқу және өндірістік тәжірибелерді сапалы өткізу;

·         дуальды оқытуды тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

·         бітірушілердің жұмысқа орналастыруында қызығушылықты кеңінен арттыру.

17.06.2015, 05:36
571 қаралым