ІІ-Blitz шахмат турнирі

1.02.2024 ж. сағат  09:00 – 17:50 арасында «Инженерлік пәндер» кафедрасы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ студенттерінің арасында “Денсаулық зор байлық" іс-шарасына орай ұйымдастырған ІІ-BLITZ шахмат турнирінде дәрежелі орындар, номинациялар мен сертификаттар табысталды. Турнирдің ашылуына «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушілері мен ПОҚ ізгі-тілекпен келді. Қонақтар қатарында индиялық жалпы медицина 14-В студенті Бхавия Сони болды. 
Турнирге 15 студент қатысты: І-дәрежелі орынды В-ФӨТҚБ-02-21 топ студенті Дүйсенбай А.Қ., ІІ-дәрежелі орынды В-ФӨТҚБ-03-21 топ студенті Жамаладин А.С., ІІІ-дәрежелі орынды В-ФӨТО-02-23 топ студенті Ирисметов иеленді. Ең мықты тактика номинациясын В-ФӨТҚ-06-21 топ студенті Нұрмаханбетұлы А., стратег номинациясын В-ФӨТО-05-20 топ студенті Торакулов С.Б., ең мықты қорғаныс жүйесі номинациясын В-ФӨТҚБ-02-20 топ студенті Асильбекова А.К., ең жылдам мат номинациясын В-ФӨТҚБ-03-21 топ студенті Жамаладин А.С. иеленді. Қалған студенттер сертификатпен марапатталды.

02.02.2024, 16:05
243 қаралым