І Республикалық жастар көшбасшыларының Форумы

2017 жылдың 15-17 сәуір аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Самұрық» Студенттік Республикасының бастамасымен ҚР медицина университеттері өзін-өзі басқару органдарының  І Республикалық жастар көшбасшыларының Форумы өткізілді. Форум мақсаты – еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдары арасындағы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және құру үшін жағдай жасау мақсатында аймақаралық қарым-қатынастарды нығайту. Форумға Жастар саясаты бөлімінің маманы Ж.Қамбарованың жетекшілігімен «Болашақ» академиялық жастар орталығының студенттік ректоры О.Сванов, «Бірлесу» достық клубының төрағасы А.Темиров, ОҚМФА студенттер Альянсының төрағасы А.Тәліп, оқу-тәрбие жұмыстары бойынша студенттік проректор А.Ермағанбет, фармацевтика факультетінің студенттік деканы Д.Кахраманова қатысты. 

Форум секцияларға бөлініп жұмыс жүргізді. Үш күнде әр оқу орнының көшбасшылары 6 бағыт бойынша секцияларға бөлініп, презентациялар жасады. Кешкі бос уақыттары театр қойылымына, спорттық іс-шараларға, мұражай мен университетке экскурция жасау секілді қызықты шаралармен толықтырылды.

ҚарММУ-нің ректоры, м.ғ.д., профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызымен кездесу өткізіліп, соңында қатысушыларға сертификат берілді. 

982 1

982 2

982 3

20.04.2017, 05:07
317 қаралым