И.К. АХУНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚММА БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУІ

И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының 5 курс «Фармация» мамандығының білім алушылары академиялық ұтқырлық бойынша АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында» «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудан» өндірістік тәжірибеден өтті.

Өндірістік тәжірибенің алғашқы күні АҚ «ОҚМА» бас ғимаратында кафедралармен таныстық жүргізілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша академиямыздың серіктес базаларында өндірістік тәжірибеден өтті. Олар: ОКА дәріханасы, Зерде-фарма, Медсервис плюс, ЖШС «Santo».

03.03.2023, 13:01
567 қаралым