Хабарландыру 25.08.2022ж!

Құрметті ОҚМА білім алушылары! 25.08.2022ж. күннен бастап, жатақханаға құжат қабылдаудың басталғандығын хабарлаймыз.

Жатақханадағы орындар бірінші кезекте:

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға;
Жетім және кәмелет жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға;
Жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан білім алушыларға;
Қазақстанның басқа өңірлері мен облыстың алыс аудандарынан келген білім алушыларға беріледі.

Жатақханаға өтінім беруге қажетті құжаттар:

Факультет деканының атына арыз;
Жеке куәлік көшірмесі
Мекен-жай анықтамасы;
Атында мүліктің болмауы туралы анықтама;
Әлеуметтік жағдайы жөніндегі құжат;

Құжаттарды 1 курс студенттерінен деканаттардағы жауапты мамандар қабылдайды. Ал қалған барлық курстар платонус бағдарламасындағы жатақхана бөліміне кіріп (өзінің жеке логин паролімен)
өтініш қалдыра алады.

25.08.2022, 18:23
413 қаралым