ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕН - ӨНДІРІСКЕ ДЕЙІН!

12 сәуір – «Ғылым күніне» орай қуанышты жаңалық. «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к. Торланова Ботагоз Онгаровна, аға оқытушысы Бахтиярова Балжан Алмаханбетқызының жетекшілігімен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы Айдар Аружанның дипломдық жұмысы аясында отандық өсімдік шикізаты негізінде жаңа антигельминттік әсер ететін таблетка түріндегі дәрілік нысаны алынды. Қазіргі уақытта тиісті зерттеулер жалғасуда.

Білім алушымызбен жетекшісіне ғылым жолында сәттілік тілейміз!

09.04.2024, 16:08
320 қаралым