Ғылыми іс-сапар
Қараша айының соңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қабыл Алғабек Әділбекұлы тақырыптық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысының мемлекеттік архиві және Қоғамдық-саяси тарихы архивтерінде болып, қор материалдарымен жұмыс жасады. Деректі құжаттардың мазмұны ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы кезеңді қамтиды. Нәтижесінде архив қорындағы істердің көшірмелері әкелініп, ғылыми мақалалар даярлауға пайдалану, оны дәріс сабағында қолдану көзделді. Сонымен бірге А. Қабыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған «Мұстафа Шоқай және қазіргі кезеңдегі түркі мемлекеттерінің интеграциялану үдерісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға да қатысып, секция отырысында баяндама жасады. Конференция барысында Отандық және алыс, таяу шетелдік жетекші ғалымдармен кездесіп, сұхбаттар жүргізді.