Ғылым және жастар: медициналық көмектің сапасы мен медициналық сауаттылық» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2023 жылдың 25 сәуір күні, «ОҚМА» АҚ Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы және Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» ұйымдастыруымен «Ғылым және жастар: медициналық көмектің сапасы мен медициналық сауаттылық» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта өтті. «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен студенттер қатысты. Конференция қатысушылары дәрілік өсімдіктерді талдау, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және басқару т.б. тақырыптарда баянадамаларын оқыды. Конференцияның қорытындысы бойынша жас ғалымдар 1-ші, 2-ші, 3-ші орын сертификаттармен марапатталып сыйлықтар табысталды.

26.04.2023, 17:47
395 қаралым