GP2 Биоинформатика оқыту воркшопының сәтті аяқталуы: Резиденттер Паркинсон ауруының генетикасын тереңдетуде
Global Parkinson’s Genetics Program (GP2) жобасы мен Оңтүстік Қазақстан Академиясы арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында 2024 жылғы 17-18 қазанда GP2 Биоинформатика оқыту воркшопы өтті. Бұл семинар Паркинсон ауруының генетикасымен қызығатын зерттеушілерге арналған. Семинар Грузияның Тбилиси қаласында, Тбилиси мемлекеттік медициналық академиясының базасында өткізілді. Биоинформатика бойынша оқу воркшопына екінші оқу жылының резидент-неврологы Қалжан Олжас жіберілді, ол Паркинсон ауруының генетикалық аспектілерін зерттеумен белсенді айналысады.
GP2 — Паркинсон ауруымен күресте ғылыми күштерді біріктіру (ASAP) инициативасын қолдайтын амбициозды жоба. Бұл жоба Майкл Дж. Фокс Паркинсон ауруын зерттеу қорының серіктестігімен жүзеге асырылады. Жобаның негізгі мақсаттары: Паркинсон ауруының генетикалық құрылымын түсінуді кеңейту, 200 000-нан астам адамның генотиптеу және секвенирлеу бойынша ауқымды зерттеулер жүргізу; ауруды тудыратын жаңа мутацияларды анықтауды жеделдетуге арналған инфрақұрылымды құру; ғылыми зерттеулерде дәстүрлі түрде толық ұсынылмайтын топтарға мүмкіндіктер беру арқылы ғалымдардың жаһандық ұрпағын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліну.
Воркшоптың бірінші күні қатысушылар жобамен, оның мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ Паркинсон ауруының генетикасы және геномдық тәсілдер туралы соңғы ақпаратпен танысты. Секцияның екінші жартысында биостатистика бойынша практикалық бөлім басталды. Қатысушылар Terra платформасында ноутбуктер арқылы генетикалық деректерді талдауды және көрсеткіштерді есептеуді үйреніп, белсенді жұмыс істеді. Семинарды Паркинсон ауруын генетикалық зерттеу саласындағы жетекші мамандар, PhD докторлары жүргізді.
Воркшоптың екінші күні қатысушылар Terra платформасында полигендік тәуекелдерді және аурудың басталу жасын талдауды жалғастырды. Секцияның екінші жартысында Паркинсон ауруы диагнозы қойылған екі пациент шақырылып, олардың жағдайына клиникалық баға беріліп, негізгі тексеру әдістері көрсетілді.
Оқу процесін әрі қарай дамыту үшін білім алушыларға бағасыз тәжірибе алу мүмкіндігін берген неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Жаркинбекова Назира Асановна мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.