«Гематологияның өзекті мәселелері: дәрігер тәжірибесіндегі гемостаз жүйесінің патологиялары» атты ғылыми конференциясы
26.05.2023 күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия – 2» кафедрасының ұйымдастыруымен «Облыстық балалар ауруханасының» мәжіліс залында «Гематологияның өзекті мәселелері: дәрігер тәжірибесіндегі гемостаз жүйесінің патологиялары» атты ғылыми конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда онкогематология саласындағы ерте диагностикалау, емдеу және алдын алу бағыттары талқыланды, қазіргі уақыттағы ауқымды мәселелер және олармен күресу жолдары туралы баяндамалар оқылды. Жоғары санаттағы дәрігер – балалар онкогематологы Уанов Аскар Муратович өз баяндамасын оқыды. Қатысушылар саны 50. Барлық қатысушыларға ғылыми конференцияға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.
30.05.2023,
10:15
478 қаралым