Ғалымдарды қолдау!

2022 жылдың 16 маусым күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында «Медицина қызметкерлері күніне» орай өткізілген мерекелік іс-шарада Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дара құрылтайшысы, профессор Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы PhD докторы ғылыми дәрежесін сәтті қорғағаны үшін, «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру» факультетінің деканы Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлына өзінің атынан ақшалай 2 000 000 (екі миллион) теңгенің сертификатын табыстады. Бұл сертификат академиямыздағы ғылымның дамуына үлкен серпіліс береді деген ойдамыз.

Академия ұжымы әріптесімізге денсаулық, отбасына амандық, және де жаңа жетістіктер тілейді!

20.06.2022, 15:49
387 қаралым