Ғалым - биофармацевт
ОҚМА Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасында «Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша 5курс студенттеріне 30.10.2024ж күні «Дәрілік препараттар биоэквиваленттілігі» тақырыбында проблемалық лекция оқылды. Лекция ҚР дәрілік құралдар және медициналық бұйымдардың Мемлекеттік реестріне дәрілік құралдарды тіркеуде негізгі медико-биологиялық талап - ДП биоэквиваленттілігін анықтау сұрақтарына арналды. Лектор - Сағындықова Баян Ахметқызы, фармация ғылымдарының докторы, профессор, Бүкілодақтық биофармацевтік орталықта ғылыми тәжірибе алған биофармацевт-ғалым.
31.10.2024,
16:07
161 қаралым