«ФОРСАЙТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ» АТТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2024 жылдың 20 қарашасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруларымен әдістемелік семинар өткізді.
Әдістемелік семинардың мақсаты: медициналық білім беруде форсайт әдісін дидактикалық құрал ретінде қолдану мүмкіндіктерін зерттеу және оны оқу процесіне тиімді енгізудің жолдарын талқылау. Семинар барысында қатысушылар форсайт әдісінің мәні мен маңызын, оның медициналық білім беру жүйесінде оқыту мен білім алу процесін болжау, жаңашылдық пен стратегияларды қалыптастырудағы рөлін қарастырады.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Турадилов Мейрбек Унербекович «Форсайт - медициналық білім берудегі дидактикалық құрал ретінде» , «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Сабитов Т.Ж. «Студенттердің сандық және медиа сауаттылығын арттыру әдістемесі» атты тақырыбтарында мазмұнды баяндама жасады. Семинар барысында аталған тақырыптарда, қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде отандық жоғары оқу орындарының рейтингілік көрсеткіштерін арттыру мақсатында білім берудің үздік технологияларын оқыту үдерісіне қолдануға ерекше мән беріп отыр. Үздік білім беру технологияларының бірі ретінде «форсайт» ұғымының ағылшын тілінен аударғанда «foresight» - «болжау» деген мағынаны білдіреді. Аталған білім беру технологиясының ерекшелігі қарым-қатынас, коммуникациялық білік, дағдылардың жиынтығынан құралған. Білім алушылардың болашақты болжау қабілеттерін қалыптастырудағы оқытушымен бірге ынтымақтастыққа негізделген іс-әрекеттері.

21.11.2024, 18:05
171 қаралым