ФІҰжБ кафедрасында «AK NIET GROUP» ЖШС сапа және регламенттеу бөлімінің менеджері Ж.Е.Джиенбаевпен ішкі онлайн кездесу

11 қараша күні, ФІҰжБ кафедрасында фармация факультетінің білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамына «AK NIET GROUP» ЖШС сапа және регламенттеу бөлімінің менеджері Ж.Е.Джиенбаев, «Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша ZOOM платформасында онлайн дәріс өткізді.

Дәрісте Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, фармацевттік қызметтің түрлерін, тәжірибелік фармацияның негізгі талаптары туралы сөз қозғалып, білім алушылармен кері байланыс жасалды.

16.11.2021, 11:44
487 қаралым