ФІҰБ кафедрасындағы теория мен практиканың интеграциясы
2023 жылғы 2 қазанда ФІҰБ кафедрасында 3 курс білім алушыларына "Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және фармация тарихы" пәні бойынша" «Дәрілік заттарды рецептімен босатуды регламенттеу» тақырыбында ашық бинарлы дәрісті кафедра доцентінің м.а. М.М. Сапақбай және Т.Р. Аудекова "Зерде-Фарма" ЖШС директорының персоналды оқыту жөніндегі орынбасары өткізді.
Бинарлы дәрістің қорытындысы ОҚМА оқытушысы мен практикалық фармация қызметкерінің диалогы, сондай-ақ білім алушыларды фармацевтикалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға белсенді тарту болып табылды
04.10.2023,
17:12
397 қаралым