ФІҰБ кафедрасында ғылым күніне арналған конференция
Қазақстанның ғылым күні аясында 2024 жылдың 12 сәуірінде Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында ғылыми конференция өтті, оған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Қатысушылар жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде фармацевтикалық қызметтің әртүрлі аспектілерін жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми баяндамалар жасап, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Баяндамалардың тақырыптары өзекті болып, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Жиналғандар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
16.04.2024,
15:01
213 қаралым