Фармация мамандығы түлектеріне диплом табыстау!

2022 жылдың 8 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Фармация мамандығы бойынша бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры Есіркепов М.М ашып беріп, бітіруші түлектерді құттықтап, үздік бітірушілерге диплом табыстады.

Ары қарай диплом табыстауды Фармация факультетінің деканы Умурзахова Ғ.Ж., Зерде-Фарм Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Тогусбаева Гулжан Бекжанқызы және Фармация факультеті деканының орынбасары Сапақбай М.М жалғастырды.

Іс шара академияның белсенді студенттерінің бітіруші түлектер үшін дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

08.07.2022, 16:39
526 қаралым