Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында «Коммуникативтік дағдылар фармацевтикалық этика негіздерімен» пәні бойынша білім алушыларды дуальді оқыту
Дуальді оқыту сабақтары білім алушыларға «Коммуникативтік дағдылар фармацевтикалық этика негіздерімен» пәні бойынша білім беру бағдарламаларында көзделген оқу нәтижелерін меңгеруге көмектесу мақсатында жүзеге асырылады.
«Коммуникативтік дағдылар фармацевтикалық этика негіздерімен» пәні бойынша II курс білім алушылары тәжірибелік сабақты ЖШС «Зерде-фарма» дәріханалар желісіне барып, білімдерін арттырды. Білім алушылар дәріхана жұмысымен толық танысып, тұтынушымен дұрыс қарым-қатынас құрудың әдістерін жетік меңгеріп қайтты.
22.12.2022,
15:15
767 қаралым