Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында ғылым күніне арналған конференция өтті.

12.04.2022ж. күні Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында ғылым күніне арналған конференция өтті. Кафедра меңгерушісі профессор Шертаева К. Д. ғылым – еліміздің өркендеуі мен болашағының кепілі екенін атап өтті.

Соңғы 10 жылда кафедрада 40-тан астам магистрлік диссертация, фармацевтикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша 2 ғылыми-техникалық жоба орындалды.

Конференцияға кафедраның ПОҚ мүшелері, білім алушылар мен магистранттар қатысты. Магистранттар Кеңес У. және Кершеева И. Елтузарбекова Ш. өздерінің ғылыми зерттеулері бойынша баяндамалар жасады.

13.04.2022, 11:59
410 қаралым