Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының оқу үрдісін кітапханалық-ақпараттық орталықпен интеграциялау
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессор оқытушылар құрамы кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлерімен «Фармацевтикалық ақпарат және фармакоэкономика негіздері» пәні бойынша "Электрондық деректер базасы бойынша ақпаратты іздеу" тақырыбында бірлескен дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді. 3-курс білім алушылары электрондық деректер базасы бойынша ақпарат іздеумен танысты, электрондық оқулықтармен, ғылыми журналдармен, мақалалармен жұмыс жүргізді. Білім алушылар болашақта сабақтарда және ғылыми қызметте пайдаланылатын ақпаратты алды.
24.09.2024,
14:31
178 қаралым