"Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың "Фармацияны басқару және экономикасы" пәнінен II Халықаралық онлайн олимпиадасының нәтижелері туралы
2024 жылдың 25 сәуірінде «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ базасында Фармация мектебінің ұйымдастыруымен студенттерге арналған II халықаралық онлайн олимпиада өтті. Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы Фармация факультетінің 4 және 5 курс білім алушылары: Букаева Е.В., Рахманова Д.М., Шалтаева Д.Г., Ким Д.А., Незванова Е.И қатысты. «ОҚМА» АҚ «Профи-Фарм» командасының капитаны - Диана Шалтаева. Топ жетекшілері: Шимирова Ж.Қ. – ф.ғ. кандидаты, доценті м.а., Уразбаев С.А. – аға оқытушы. Сараптама комиссиясының мүшесі: Блинова О.В. – фарм.ғ.к, профессор м.а . Халықаралық олимпиадаға әртүрлі елдерден – Өзбекстаннан, Ресей Федерациясынан, Қазақстаннан командалар қатысты. Олимпиада үш турдан тұрды, онда студенттер Google платформасында «Фармация менеджменті және экономикасы» пәні бойынша тест тапсырмаларына жауап берді, Zoom платформасында «Фармация менеджменті және экономикасы» пәні бойынша жағдаяттық есептерді шешті, үй тапсырмасын көрсетті. «Денсаулық сақтау жүйесіндегі фармацевттің рөлі» тақырыбына бейнеролик көрсетілді. Үш турдың қорытындысы бойынша «ОҚМА» АҚ «Профи-Фарм» командасы қатысқан 13 команданың ішінен II жүлделі орынға ие болды.