«Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық іс-шарасы
«Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының оқытушылары және топ тәлімгері Кошанова Н.М. , аға тәлімгер Қуандық Ә.Т. ұйымдастыруымен, «Фармация» мамандығы 3-курс СФҚ-11-01-22 топ білім алушылары қайырымдылық мақсатында «Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылына» барып қайтты.
Студенттер, балалардың көңілін көтеру мақсатында, ұйымға қажетті заттар мен ойыншықтар апарып, концерттік бағдарлама, түрлі ойындар ұйымдастырды. Қайырымдылық жұмыстың мақсаты - білім алушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік, кішіге деген қамқорлық сезімін нығайту.
17.04.2025,
17:31
