Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы түлектеріне диплом табыстау!

2022 жылдың 4 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ ашып беріп, үздік бітіруші түлектерді құттықтады.

Ары қарай диплом табыстауды Фармация факультетінің декан орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы және Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының меңгерушісі Арыстанбаев Қ.Е жалғастырды.

Іс шара академияның белсенді студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

04.07.2022, 14:49
452 қаралым