ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ «TIІСТІ ПРАКТИКАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ(GxP)» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ
Фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару кафедрасында 5-курс білім алушылары В-ФҚАВ-01-20 және В-ФҚ-02-20 топтары үшін «Тиісті практикалардың ұйымдастыру негіздері (GxP)» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Шимирова Ж.К. жетекшілік етіп, практикалық фармация өкілі – Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Даму» фармацевтикалық қызметті қолдау қауымдастығының директоры Альжанова Хадиша Дербісқызы қатысты.
Іс-шара барысында фармацевтикалық қызметте GxP стандарттарын енгізу және сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP) және дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызметтердің сапасына әсер ететін басқа да стандарттар туралы құнды білім алды.
Семинарда реттеу, сапаны бақылау және фармацевтикалық сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Альжанова Хадиша Дербісқызы фармацевтикалық қызметті қолдау қауымдастығының жұмысы туралы тәжірибесімен бөлісіп, өңірдегі саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жайлы айтты.
Семинар-тренингке ОУФД кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және «ОҚМА» АҚ ОӘО аға әдіскері Алдабергенова Г.С. қатысты.
Бұл семинар ғылым мен практикалық фармация өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу алаңы ретінде маңызды рөл атқарып, фармацевтикалық өнімдердің сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге ықпал етті.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, сындарлы диалог жүргізгендері үшін алғыс білдіреміз!
