Фармацевтикалық экология қоршаған ортаны қорғау жолы ретінде

Визитинг бағдарламасы аясында Академия оқытушылары - профессор С.К. Ордабаева және доцент м.а. А.Д. Серікбаева И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ А.П.Нелюбин атындағы Фармация институтында (Сеченов университеті, Мәскеу, РФ) дәстүрге айналған «Фармацевтикалық экологияның интеграциялық байланыстары - 2024» II Халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шара ұйымдастырушылары Сеченов Университеті, «Калуга фармацевтикалық кластері» Ассоциациясы және Ұлттық зерттеу ядерлы университеті болып табылды («МИФИ»).

Конференция бағдарламасы Ресей, Қазақстан, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан, Сербия, Иран, Ирак, Қытай, Нигерия және Индонезиядан келген ғалымдар мен педагогтарды, фармацевтикалық өндіріс пен бизнес өкілдерін, студенттер мен жас ғалымдарды 5 секциялық отырыс және 2 жастар секциясында біріктірді.

«Экотоксикология объектілері ретінде пестицидтерді зерттеу» тақырыбында А.Д.Серікбаева баяндама жасады, ол химия-токсикологиялық тұрғыдан неоникотиноидтар тобындағы пестицидтерді зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Қол жетімді және селективті жұқа қабатты, сондай-ақ жоғары сезімтал және қайталанғыштығы жоғары сұйықтық хроматография әдістерімен пестицидтерді скринингтік зерттеулердің әдістері ерекше қызығушылық тудырды.

«Экологиялық білім берудің заманауи сын-қатерлері мен интеграциялық байланыстары» секциясында С.К. Ордабаева «Қазақстан Республикасындағы Фармация бойынша білім беру бағдарламасы шеңберінде экологиялық білім беру» атты баяндама жасады. Ол елде экологиялық білім беруді жүзеге асыруды оқу пәндерін «экологияландыру», бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі халықаралық ынтымақтастық жолымен жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Нормативтік-құқықтық мәселелерге, кадрлар даярлауға, ғылыми зерттеулерге және дәрілік заттардың қалдықтарының құрамына қоршаған ортаны мониторингтеуге негізделген Қазақстандағы фармацевтикалық экология проблемаларына ерекше назар аударды.

Академиядан жастар секциясына 2-ші оқу жылының магистранты К. А.Абдукаримова және 2-ші оқу жылының докторанты А. Н. Қарабаева қатысты. А. Н.Қарабаеваның «Сұйық-сұйық экстракция әдісімен су үлгілеріне алдын-ала сынамаларды дайындаудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу» атты баяндамасы қызу қызығушылық тудырды, бұл дәрілік заттар қалдықтарының құрамын су үлгілерінен мониторинг жасау үшін маңызды кезең болып табылады.

Абдукаримова К. А. «Тамақ өнімдеріндегі дәрілік заттардың құрамын зерттеу әдістері» баяндамасында фармацевтикалық экология тұрғысынан азық-түлік өнімдерін зерттеу мәселелері мен шешімдерін атап өтті, ол конкурс қорытындысы бойынша 1-ші орынды иеленді.

Оқытушылардың іс-сапар бағдарламасы А. П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында өтті, ол дәрістер оқуды, зертханалық-практикалық сабақтар мен ОБӨЖ өткізуді, коллоквиум қабылдауды, специалитет пен магистратура деңгейінде практикалық дағдыларды аттестаттауды, сондай-ақ кафедра оқытушыларымен ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасуды қамтыды.

Серікбаева А. Д. токсикологиялық химия бойынша 4-курс студенттеріне «Биохимиялық токсикология. Токсикокинетика. Ағзадағы токсиканттардың биотрансформациясы», «Ұшқыш улардың химия-токсикологиялық талдауы», «Металдық улардың химия-токсикологиялық талдау» және т. б. тақырыптарда дәріс және зертханалық-практикалық сабақтар өтті. Сабақтарда алдын-ала сынама дайындаудың теориялық негіздері мен практикалық әдістері, токсикологиялық талдаудың көрсетілген объектілерін анықтау және сандық анықтау қарастырылды.

Ордабаева С. К. 3, 4, 5 курс студенттеріне «Жалпы фармацевтикалық химия», «Арнайы фармацевтикалық химия», «Дәрілік заттарды стандарттау» пәндері бойынша сабақтар өткізді.

«Органикалық қосылыстар туындыларының дәрілік заттарын талдау: спирттерді, эфирлерді, альдегидтерді және көмірсуларды талдау», «Ароматты аминқышқылдары туындыларының дәрілік заттарын талдау» және т.б. тақырыбында дәрістер оқылды.

«Ароматты дәрілік заттар» модулі бойынша 4 курс студенттеріне зертханалық-практикалық сабақтар мен іс-тәжірибелік дағдылар аттестациясы жүргізілді. Магистратура деңгейінде іске асырылатын және специалитет/бакалавриат деңгейінде жоспарланған бірлескен білім беру бағдарламалары, «Токсикологиялық химия» модулі бағдарламасының ерекшеліктері студенттер мен оқытушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Визитинг бағдарламасы А.П. Нелюбин атындағы Фармация институты директоры, профессор Г. В. Раменскаяның қорытындылауымен аяқталды, ол өзара тиімді ынтымақтастық үшін, фармацевтика ғылымы бойынша жыл сайынғы ғылыми-практикалық форумдарға белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдірді және басталған жобаларды білім беру және ғылыми аспектілерде жалғастыруға үміт білдірді.

 

15.11.2024, 16:41
117 қаралым