Ерлікке тағзым!

2022 жылдың 3 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының талантты аруларынан құралған ұжымы ОҚМА үлкен мәжіліс залында «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр-Жеңіс күніне» арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры М.Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты іс-шараны ашып берді.

Салтанатты іс-шара академияда жұмыс істейтін қыздардың әндерімен, поэзиямен жалғасты. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыр кезеңдер және еліміздің батыр қыздарының ерліктері туралы сахналық көрініс көрсетілді.

Баршаңызды «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр-Жеңіс күні» мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

04.05.2022, 12:28
351 қаралым