Ерекше қауіпті патогендерді анықтау және жауап қимылдау бойынша бағдарлама
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері Алматы қаласында 2016 жылғы 23-27 мамыр аралығында Ерекше қауіпті патогендерді анықтау және жауап қимылдау бойынша бағдарламаға сәйкес, (СDC/CAR) Ауруларды бақылау және Алдын алу жөніндегі Америкалық орталық ұйымдастырған семинарға қатысты.
Семинар тақырыбы «Ерекше қауіпті жұқпа аурулары жағдайларын стандартты айқындау». Оқу бағдарламасына жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері қатысты.
Семинар соңынан барлық қатысушыларға сертификаттар, сонымен қатар тренинг материалдары берілді.
09.06.2016,
04:43
460 қаралым