Erasmus+ бағдарламасы бойынша ЕАСЕА вебинарлары

17-19 қазанда ЕАСЕА (білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттік) бағдарламамен байланысты емес елдер үшін Erasmus+ бағдарламасының әрекеттері бойынша вебинарлар өткізеді. Вебинар барысында қатысушылар бағдарламаның әртүрлі әрекеттері туралы толық ақпарат ала алады және Erasmus+жобаларына өтініш беру бойынша сұрақтар қоя алады.
Вебинар үш бөлімнен тұрады, әр бөлім Erasmus + бағдарламасының белгілі бір әрекетін қамтиды. Біздің елімізге Халықаралық кредиттік ұтқырлық (International Credit Mobility), Erasmus Mundus, Жоғары білім беру әлеуетін арттыру (capacity building in Higher Education) және Жан Моне қолжетімді. 17 және 18 қазанда вебинарға қатысуға кеңес береміз.
Вебинар күніне 2 рет өткізіледі: таңертеңгі сессиялар сағат 10.00-ден 12.45-ке дейін өтеді және сағат 14.30-тен 17.15-ке дейін қайталанады (Брюссель уақытымен). Вебинар бағдарламасы осында қол жетімді. Қатысу сілтемесі іс-шара күні көрсетілген сілтеме арқылы қолжетімді болады.

 


Tuesday 17 October: General introduction – International Credit Mobility – Marie Skłodowska-Curie Actions
 

Wednesday 18 October: Erasmus Mundus – Capacity Building for Higher Education – Jean Monnet Actions
 

Thursday 19 October: Capacity Building for Vocational Education & Training – Erasmus+ Virtual Exchange – Capacity Building for Youth

 

 

 

Стратегиялық даму және Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

03.10.2023, 16:46
268 қаралым